Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

2 Ақпан 2020, 09:59
1294
Бөлісу:
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, еліміздің басым бөлігі әлі де болса антициклонының ықпалында. 

Соған байланысты республиканың көп жерлерінде жауын-шашынсыз. Тек елдің батысы, солтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың ықпалынан жауын-шашын болуы ықтимал. 

Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейе түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 27 м/с-ке жетеді. 

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Өзгелердің жаңалығы