Жексенбі күнгі ауа райы болжамы

Жексенбі күнгі ауа райы болжамы
482

Қазгидромет 26 наурыз күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Республика бойынша тұман түседі, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі болжанады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы