Жекеменшік секторда өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді

25 Қараша 2022, 17:26
944
Бөлісу:
Жекеменшік секторда өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді
Фото: автордан

Ертіс өңірінде жылу маусымы басталғалы бері жекеменшік секторларда өрттерді алдын алу жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде жылу маусмы басталғалы жекеменшік үй секторында 27 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудан 2 млн. теңге көлемінде шығын келді.

Қызыл жалынның туындауының себептеріне адамдардың абайсыздығы, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау жатады. Сонымен қатар, электр жабдықтарын монтаждау барысындағы ережелерді бұзу. Айта кетейік, жер үйлерге пеш және өзге де жылыуту құралдарын орнатуда қателіктер кездеседі. Кейін өрт туындауы мүмкін, - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Қазіргі уақытта полиция және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары  әлеуметтік қамтылмаған отбасылардың үйлерін аралап, ережелерді түсіндіріп жүр. Рейдтік шаралармен 48 мыңнан астам аула қамтылды. Нәтижесінде 5200-ден астам баспанадағы пештерді пайдаланудағы күрделі олқылықтар анықталды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарының 2000 бұзушылығы жойылды.

Айта кетейік, осы жылдың маусым айынан бері әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайды 130 датчик орнатылды. Ал рейд барысында 80 мың халыққа нұсқамалар таратылды. 

Өзгелердің жаңалығы