Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заң шығуы мүмкін

19 Қаңтар 2022, 14:28
1353
Бөлісу:
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заң шығуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» (Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы) Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы қаржы, әділет министрлері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, Ұлттық банк төрағасының орынбасары баяндады. Үкімет басшысы Заң жобасын пысықтап, белгіленген тәртіппен Премьер-министр Кеңсесіне енгізуді тапсырды - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы