Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу: құжаттар тізімі белгілі болды

22 Қаңтар 2023, 17:35
1322
Бөлісу:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу: құжаттар тізімі белгілі болды

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына сәйкес «Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін қалалық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды. 

Аккредиттеуді алу үшін арызданушылар басқармаға келесі құжаттарды ұсынады: 

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жарғы мен бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

3) бірлестік мүшелерінің тізімін.

Құжаттар пакетін хабарландыру шыққан күннен бастап 10 жұмыс күні аралығында Бейбітшілік к-сі, 11, 633 каб. мекенжайы бойынша басқармаға ұсыну қажет, анықтама 55-68-98 тел. бойынша.

Өзгелердің жаңалығы