Жеке деректері таралып кеткен азаматтарға смс-хабарлама келеді

4 Қазан 2023, 18:34
1248
Бөлісу:
Жеке деректері таралып кеткен азаматтарға смс-хабарлама келеді
Фото: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қазақстандықтардың жеке деректерін таратқаны үшін айыппұл мөлшерi үш есе өсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қазанда министрлікте Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша журналистерге арналған workshop оқыту семинары өтті.

Воркшоптың спикерлері ретінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов, киберқауіпсіздік, IT және коммуникациялар саласындағы тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин сөз сөйледі.

​Бiз жеке деректердің таралып кету қаупін барынша азайтуды ескере отырып, азаматтардың жеке деректерінің таралып кетуі бойынша жауапкершілікті күшейту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жеке деректер тараған кезде азаматтарды бұл туралы "Электрондық үкімет" порталы және 1414 смс-хабарлама арқылы хабардар ету көзделуде, - деп атап өтті Руслан Әбдіқалықов.

Воркшопқа Гүлбану Әбенова мен Ерлан Сәкенов сынды танымал қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер қатысты. Семинарға қатысушылар жеке деректерді қорғау, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. сияқты киберқауіпсіздікке қатысты көптеген маңызды тақырыпты талқылады. Сондай-ақ үнемі өзгеріп отыратын ақпараттық кеңicтiкте мәлiметтердi қорғауға байланысты өзекті мәселелер қаралды.

Біз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне түзету енгізу арқылы жеке деректерді қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін жазаны күшейту саласындағы заңнаманы жақсарту бойынша маңызды қадамдарды жасадық, - дедi Асхат Оразбек.

Осылайша, семинарда ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейін арттыру және жеке деректерді қорғау мәселелері жан-жақты қозғалды. Ал бұл - экономика мен қоғамның табысты дамуы үшін қажетті шарт.

Өзгелердің жаңалығы