Жеңіс Қасымбек өңірдегі қандай әлеуметтік нысандар жөнделетінін айтты

11 Желтоқсан 2019, 23:47
4714
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек өңірдегі қандай әлеуметтік нысандар жөнделетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапарымен Қарағанды облысының Шет ауданында болған аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек бұл өңірде қандай жолдардың жөнделетінін айтты. Бұл туралы облыс әкімі Facebook-тегі парақшасында жазды.  

"Бүгінгі жұмыс күнімді Шет ауданында өткіздім. Тұрғындармен, ақсақалдармен кездесіп, Nova Цинк компаниясының Ақжал кен орнында болдым. Жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, кәсіпорын аудан өміріне белсене араласады, өз қызметкерлерінің тұрмыстық мәселелерін шешіп келеді", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар ол үш кентте жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Nova Цинк үш қайырымдылық дүкені ашылғанын жеткізіп, қандай әлуметтік нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып берді. 
Ақсу-Аюлыда "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша кент жолдары жөнделіп, ауруханада күрделі жөндеу жүргізіліп, жедел жәрдем станциясы мен дәрігерлерге арналған жатақхана салынады.
Баспана кезегіндегі тұрғындар үшін Ағадыр кентінде 24 пәтерлік үйді қалпына келтіреміз. Ермеков атындағы мектепте жергілікті команда үшін асхана, спортзал және футбол алаңын салудамыз. Мойынты кентінде спорт кешенінің құрылысын бастаймыз. Қазір Қарағанды-Балқаш республикалық жолының құрылысы жүріп жатыр. 2020-2021-де Ақсу-Аюлы мен Ағадыр арасындағы жолды қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы