Жазушы: Елімізде саяси-экономикалық бастамалар іс жүзінде іске асып келеді

11 Қаңтар 2024, 21:31
526
Бөлісу:
Жазушы: Елімізде саяси-экономикалық бастамалар іс жүзінде іске асып келеді
Фото: автордан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласына жазушы Нұрдәулет Ақыш пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Президент еліміздің қазіргі таңдағы саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайына жан-жақты тоқталған екен. Өз басыма сұхбатта жария етілген соңғы бір-екі жылдың көлемінде жүзеге асырылған төмендегі өзгерістер қанағаттанған сезімді тудырды. Бірінші мемлектіміздегі педагогтар мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақыларының айтарлықтай өскендігі. Бұл еліміздің саяси басшылығының ең алдымен елді дамытудың ең басты факторы адам капиталының басымдық бере бастағанын көрсетсе керек. Екінші мәслихат, мәжіліс депутаттарының бұрынғыдай тек партиялық тізіммен емес, бір мандатты округтер арқылы да сайланғандығы. Соның арқасында еліміздің заң шығарушы билігінде қазір парламенттік оппозиция қалыптаса бастап отыр. Үшінші еліміздегі бірсыпыра ауыл, аудан, қала әкімдерінің осы өңірлердегі барлық сайлаушылардың тікелей дауыс беру арқылы сайлана бастауы. Осы арқылы қазір сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде асырылып жатқанын байқауға болады. Президенттің есімі ел тарихында елдегі шынайы демократиялық реформаларды жүзеге асырған жаңа форматтағы саяси көшбасшы ретінде қалары сөзсіз,- дейді Нұрдәулет Ақыш. 

Жазушының айтуынша, активтерді шетелге заңсыз шығарып, халық байлығын тонағандардың арам капиталдарын тезірек елге қайтарып, оларды заң талаптарына сай жауапкершілікке тарту ісі нақты жүзеге асыру қажет.

Саяси оң үрдістерді берік қалыптастыру үшін ел басшылығына республикамыздың сайлауға және сайлануға құқығы бар азаматтарының бірі ретінде төмендегі ең маңызды екі аманатты айтар едім. Біріншіден, сот шешімдері шыққаннан кейін Қаңтар трагедиясына кінәлілердің аты-жөндері республикамыздың басты ақпарат құралдарында кеңінен жарияланса. Себебі нақ осындай нақты жариялылық елімізде болашақта мұндай жағдайдың  қайталанбауына кепілдік бола алады. Екіншіден, активтерді шетелге заңсыз шығарып, халық байлығын тонағандардың арам капиталдарын тезірек елге қайтарып, оларды заң талаптарына сай жауапкершілікке тарту ісі нақты жүзеге асырылса. Сонда халықтың қазіргі билікке деген сенімі толық қалпына келері сөзсіз. Жалпы алғанда Президенттің сұхбаты өзіме ұнады. Әсіресе оның "Азаматтарымыздың қазіргі таңдағы құқықтық сауаттылығы мен белсенділігі демократиялық жаңғырудың басты кепіліне айналды. Тоқ етерін айтсақ, кері кетуге халықтың өзі жол бермейді" деген қорытынды пікірі көңіліме үлкен үміт ұялатты,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы