Жазушы Бекежан Тілегеновтың туғанына 90 жыл

10 Наурыз 2024, 13:09
410
Бөлісу:
Жазушы Бекежан Тілегеновтың туғанына 90 жыл
Фото: gov.kz

Бүгін көрнекті жазушы Бекежан Тілегеновтың туғанына 90 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаламгер «Лениншіл жас» газетінің редакциясында жұмыс істеді. 1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды.

Бекежан Исағалиұлының алғашқы кітабы - «Таң нұры» әңгімелер жинағы 1965 жылы жарияланды. Кейін «Көктемде ызғарлы», «Көктем қайталанады ма?», «Ақ қайнар» және «Уақыт» романдары, «Олар жазда кездесті» повесі және тағы басқа шығармалары жарық көрді.

Жазушы Х. Назиридің «Көкарал шамдары» повесін, Д. Сивцев-Омоллонның әңгімелер жинағын қазақ тіліне аударды.

Өзгелердің жаңалығы