Жазушы Аягүл Мантайдың кітабы жарық көрді

18 Мамыр 2022, 11:25
2686
Бөлісу:
Жазушы Аягүл Мантайдың кітабы жарық көрді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жазушылар одағында өткен дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы барысында былтыр өмірден өткен жас жазушы Аягүл Мантайдың «Уақыттың көз жасы» атты кітабының тұсауы кесілді.

Аталған жиын 2021 жылы өмірден өткен ақын, жазушыларды еске алумен және бір минуттық үнсіздікпен басталды.

Жазушы Аягүл Мантайдың кітабы жарық көрді

Жиын барысында Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет былтыр өмірден баз кешіп, бақилық болған жас жазушы Аягүл Мантайдың шығармаларын кітап етіп шығарғандарын мәлімдеді.

Жазушы Аягүл Мантайдың кітабы жарық көрді

Былтыр Аягүлді Жазушылар одағына мүшелікке неге алмағансыңдар, деген айыптау сұрақтары болды. Бірақ ол құжат өткізіп, мені мүшелікке қабылдаңдар демеген. Дегенмен газетте жүргенде жолын ашып, көмектестік. Әділ қазылар құрамында болғанда оның «Серпер» сыйлығын алуға ықпал еткенмін. Оның өмірден өтіп кететінін ешкім ойлаған жоқ,-деді ол.

Жазушы Аягүл Мантайдың кітабы жарық көрді

Сонымен қатар ол Аягүлдің шығармаларын жинауда тергеуге байланысты біраз қиындық болғанын атып өтті.

Тергеу болғандықтан оның компьютерін тексеруге алып кетіпті. Соның бәрін күтіп, ақыры жиынап шығардық. Бұл іс бойынша Қасымхан Бегмановқа тапсырма бердім, ол Аягүлдің шығармаларын жинақтап, өз қаржысына басып шығарды. Аягүлді оқырмандары, қаламдастары іздейді ғой, сондықтан меценаттық танытқан азаматтарға ризашылығымды білдіремін,-деді Ұлықбек Есдәулет.

Айта кетсек, жазушы Аягүл Мантай былтыр 29 шілдеде Түркістан облысында өз үйінде қайтыс болған еді.  Оның 2006 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» және 2019 «Жүрекке оралу» атты қос кітабы жарық көрген.

Өзгелердің жаңалығы