Жазғы Спартакиада: Еркін күрестен Жамбыл облысы өзге өңірлерге дес бермеді

8 Ақпан 2023, 11:41
2184
Бөлісу:
Жазғы Спартакиада: Еркін күрестен Жамбыл облысы өзге өңірлерге дес бермеді
PHOTO
Фото: дереккөз

Еркін күрестен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының қалған 5 салмақтағы жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

61 кг: 

Алтын – Нұрболат Абдуәлиев (Түркістан облысы)

Күміс – Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы)

Қола – Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы), Владимир Кудрин (Ақмола облысы)

 

Жазғы Спартакиада: Еркін күрестен Жамбыл облысы өзге өңірлерге дес бермеді

70 кг:

Алтын – Санжар Досжанов (Астана)

Күміс – Егор Анчугин (Алматы қаласы)

Қола – Мейіржан Аширов (Жамбыл облысы), Досжан Әсетов (ШҚО)

Жазғы Спартакиада: Еркін күрестен Жамбыл облысы өзге өңірлерге дес бермеді

79 кг:

Алтын – Болат Сақаев (Атырау облысы)

Күміс – Нұрдәулет Қуанышбай (Жамбыл облысы), 

Қола – Жігер Закиров (Алматы облысы), Дәулет Ергеш (Жамбыл облысы)

Жазғы Спартакиада: Еркін күрестен Жамбыл облысы өзге өңірлерге дес бермеді

92 кг: 

Алтын – Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)

Күміс – Әбдіманап Байгенжеев (Павлодар облысы)

Қола – Н һұрдәулет Бекенов (ШҚО), Нұрғали Нұрғайыпұлы (Астана)

Жазғы Спартакиада: Еркін күрестен Жамбыл облысы өзге өңірлерге дес бермеді

125 кг: 

Алтын – Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы)

Күміс – Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)

Қола – Омар Эюбов (Алматы облысы), Талғат Жиентаев (Қостанай облысы)

Жалпы есепте Жамбыл облысы 1-орын алса, Астана қаласы 2-орыннан көрінді. Үздік үштікті Павлодар өңірінің еркін күрес шеберлері түйіндеді. 

Жазғы Спартакиада: Еркін күрестен Жамбыл облысы өзге өңірлерге дес бермеді

Осымен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасында балуандар бәсекесі аяқталды. Ертеректе грек-рим және әйелдер күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған. Грек-рим күресінен жалпы есепте Шымкент қаласы топ жарса, Жетісу облысы 2-орын алды. Үздік үштікті ШҚО түйіндеді. Ал әйелдер арасында Алматы облысының балуандары тұрақты өнер көрсетіп, жалпы есепте көш бастады. Одан кейін Ақмола мен Түркістан облысы жайғасты.

Қайрат Сағадиев Спартакиадада Ұлттық құрама балуаны өз деңгейінде өнер көрсеткенін айтты.

«Ұлттық құраманың барлық балуаны дерлік күресті. Таңғалдырған ешкім болған жоқ. Бәрі бір-бірін жақсы біледі. Осыған дейін 53 келіде сынға түскен Эллада Махяддинова Олимпиада бағдарламасына кіретін 50 келіге ауысып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Енді оқу-жаттығу жиынын өткізіп, наурыз айында өтетін Азия чемпионатына аттанамыз»,-деп айтты Әйелдер күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері.

VI жазғы Қазақстан Спартакиадасындағы балуандар бәсекесі жайлы Спортты дамыту дирекциясының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан таба аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы