Маңғыстауда Instagram арқылы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника сатқан танымал блогер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісі арқылы жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті әлеуметтік желіде Қытайдан түрлі тауарларды, соның ішінде премиум-кластағы ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық техниканы нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сату және жеткізу туралы жарнама орналастырған.
Тауарларды жылжыту үшін жарнамаға 360 мыңнан астам жазылушысы бар танымал Instagram-аккаунттың иесі тартылған. Тергеу болжамы бойынша, жарияланымдар арқылы әлеуетті сатып алушыларға тауардың бар екендігі, оның сапасы және Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат хабарланып отырған.
Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына қатысты төмендегідей жауап жолдады.
Жарнама орналастырылғаннан кейін азаматтар көрсетілген контактілер бойынша хабарласып, тауарлар үшін ақшалай қаражатты жеке кәсіпкердің шотына аударып отырған. Әйтсе де, тауарды жеткізу бойынша алынған міндеттемелер орындалмаған, ал алынған ақшалай қаражат, тергеу мәліметтері бойынша, жеке бастың мақсаттарына жұмсалған. Тергеу аясында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника үшін ақшалай қаражат аударған жәбірленушілер анықталды, - деп жазылған жауапта.
Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын, сондай-ақ ықтимал басқа да жәбірленушілерді анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алу кезінде сергектік танытуға, сатушылар туралы мәліметтерді тексеруге және күмәнді шоттарға ақшалай қаражат аудармауға шақырады.
Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада балабақшадан «кезексіз орын» уәде еткен әйел 4 жылға сотталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада Оңтүстік Кореядан жұмыс уәде еткен алаяқ әйел ұсталды
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
«Дауыс берші» деген өтініштің артында не жатыр? WhatsApp-тағы қауіпті хабарлама
Онлайн саудадағы тұзақ: WhatsApp-тағы сатушыға сенген ақтөбеліктер қомақты қаржысынан айырылды