Елордадағы жазғы лагерьде аз қамтылған отбасылардан шыққан 300 бала демалады

10 Шілде 2019, 17:47
2271
Бөлісу:
Елордадағы жазғы лагерьде аз қамтылған отбасылардан шыққан 300 бала демалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Жас Шуақ» балалар жазғы лагері жұмыс істейді. Лагерь халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында құрылған.

Осы жазда астананың шалғай аудандарында тұратын 300 бала «Жас Шуақ» лагерінде демала алады.

Балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы қарастырылған. Күн сайын балалар қаланың ойын-сауық және мәдени орындарына: кинотеатрлар мен мұражайлар, саябақтар мен көрмелер, театрлар мен концерттерге барады. Сонымен қатар, лагерьдің жас келушілері үшін шығармашылық үйірмелер, сондай-ақ үш мезгіл тамақтану ұйымдастырылды. Онда әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

«Біз көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысын тегін қамтамасыз етуге тырысамыз. Балаларға шын мәнінде қызықты болу үшін әртүрлі бағдарламаны, экскурсияларды қарастырамыз. Биылғы жылы балалар лагері елорданың үш мектебінде ұйымдастырылған, олар №13, №57 және №49 мектептер», - дейді «Замандас 21» ҚҚ директоры Ләззат Алшинова.

Ләззат Алшинованың айтуынша, балалар лагері үш маусым ұйымдастырылатын болады және әр маусымда 100 бала қатысады.

«Жас Шуақ» лагерін «Замандас 21» Қоғамдық қоры Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп ұйымдастырған.

«Замандас 21» ҚҚ-мен бірге біз отбасылық-аула клубтарын дамыту бойынша «Балалар мүддесіндегі қозғалыс» жобасын жүзеге асырудамыз. Осы жобадан «Жас Шуақ» жазғы лагерін құру идеясы пайда болды. Лагерьде барлығы 10 күннен үш маусым қарастырылған, әр маусымға 100-ге жуық бала қатысады», - деп атап өтті Samruk-Kazyna Trust қорының жоба менеджері Дмитрий Куликов.

Өзгелердің жаңалығы