Ұлттық тасымалдаушы жаз мезгілінде жолаушылар тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты қала маңындағы бағытта қосымша маусымдық №457/458 «Семей-Шар» және №459/460 «Өскемен-Ақтоғай» электр пойыздарын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пойыздар келесі кесте бойынша жүреді:
- 1 маусымнан 30 маусымға дейін: бір күн аралықпен тақ күндері. Семейден 16:45-те және Өскеменнен 15:55-те жөнелтіледі, кері бағытта – жұп күндері сағат 13:50-де жүреді;
- 1 шілдеден 31 тамызға дейін: бір күн аралықпен тақ күндері. Семейден 16:45-те және Өскеменнен 15:55-те жөнелтіледі, кері бағытта – жұп күндері 12:55-те жүреді.
Қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттер bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол вокзалдарының кассаларында қолжетімді. Семей-Шар бағыты бойынша плацкарт билеті — 4 322 теңге, купе — 6 226 теңге, Өскемен-Ақтоғай бағыты бойынша: плацкарт — 5 144 теңге, купе — 7 543 теңгені құрайды.
Билеттер болмаған жағдайда, жолаушылар сайттағы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларындағы тегін «Күту парағы» қызметін пайдалана алады.