Жазасын өтеп жатқан жұп сәбилі болды

13 Наурыз 2020, 22:02
2053
Бөлісу:
Жазасын өтеп жатқан жұп сәбилі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздік жағдайы төмен мекемесіндегі қоныс-колонияда жазасын өтеп жатқан жұп ұлды болды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сергей мен Светлана колонияда танысқан. Былтыр неке қиып, отбасын құрған еді. Қамақта жүріп бала сүю туралы шешім қабылдапты. Мекеме әкімшілігі жас ата-ана қоғамның толыққанды мүшесі болсын деп қолдан келген көмекті көрсетіп жатыр.
Әрбір ана үшін өмірдегі ең құнды сыйлық – бала. Бұл жерде (ҚАЖ мекемесінде), мен үшін және менің балам үшін өмір сүруге, баланы күтуге барлық жағдай жасалды, ол үшін мекемеге ризамын, – дейді Светлана.

Отбасы - адам баласын, соның ішінде сотталғандарды түзу жолға қалыптастыратын негізгі фактор екені белгілі. Себебі отбасы жауапкершілік пен сенімділік сезімін арттырады. Жас отбасыны құттықтау үшін мекеме өкілдері мен сотталғандардың туыстары перзентханада гүлмен және шармен салтанатты түрде қарсы алды.
Бұл мекеме әкімшілігі үшін қуанышты сәт екенін ұмытпау керек. Жазасын өтеп жатқан адамдар үшін – отбасын құру және бала сүю – өмірге ынталандыратын дүние. Ол үшін біз өз тарапымыздан барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, – дейді ОВ-156/22 мекемесінің басшысы Қанат Ярулин. 



Өзгелердің жаңалығы