Жазасын өтеу кезінде радикалды идеологияны таратқан адамға үкім шықты

27 Қаңтар 2023, 10:38
804
Бөлісу:
Жазасын өтеу кезінде  радикалды идеологияны таратқан адамға үкім шықты

Сот шешіміне қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша «У» азаматына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 5 қаңтарда Орал қаласының № 2 соты оны  ҚК 256-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. 

«У» 2020 жылдан бері түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қамаудағылар арасында радикалды идеологияны таратып келген. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот шешімі заңды күшіне енді. 

Өзгелердің жаңалығы