Жайылым жердің 46 пайызы тозып кеткен – ғалым

5 Қараша 2021, 11:16
2509
Бөлісу:
Жайылым жердің 46 пайызы тозып кеткен – ғалым

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Жылқытанушы ғалым Алтай Зейнуллин жылқы шаруашылығына қатысты халықаралық конференцияда осылай деді. 

Еліміз бойынша 86 млн шаршы метр жайылым жер бар. Соның 46 пайызы істен шыққан. Оның өзіндік себептері бар. Біріншіден, табиғи ерекшелік, қуаңшылық, жаңбырдың аз жаууы. Екіншіден, жерді қалай болса солай пайдалану, үшіншіден, тұщы судың азаюы. Төртіншіден, жайылым жерлердің түбегейлі тозуы, яғни тұяқкесті болып, жер қыртысының тыңаймауы. Бесіншіден, жайлым жерлерге киіктің көптеп келуі, - деген ғалым, он түрлі себебін ашып көрсетті. 

Ол бұл олқылықтың орнын толтыруға болады дейді. 

Іргелес көршіміз Ресейдің жағдайы бізден де төмен. Оларда 70 пайыздан астам жайылымдық жері тозып кеткен. Олар оны қайта қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Бірақ мүмкін емес. Біз де тозып кеткен жерді қайта қалпына келтіре аламыз. Ол үшін ежелгі көшпенділікті қайта қалпына келтіріп, жылқыны жайылым ауыстырып бағуды қолға алу керек. Жерді тиімді пайдалану ұрпағымыз үшін маңызды, - дейді Алтай Зайнуллин.

Өзгелердің жаңалығы