Жайық-Каспий бассейніндегі арналар түбі тереңдетіледі

11 Сәуір 2019, 14:35
2732
Бөлісу:
Жайық-Каспий бассейніндегі арналар түбі тереңдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Атырауда  Жайық-Каспий бассейнінде балық қорларын заңсыз аулауға қарсы күрес бойынша аймақтағы қабылданған шаралар туралы ақпарат тыңдалды.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов 1 сәуірден бастап облыста бекіре балығы мен басқа балық түрлерін сақтауды күшейтуге бағытталған кезекті ірі көлемдегі «Бекіре-2019» балық қорғау науқанының басталғанын мәлімдеді. 

"Науқан аясында браконьерлік фактілердің барынша ықтимал көріністерін бақылау үшін инспекция 16 күзет бекетін, оның ішінде 10 мобильді және 6 стационарлық, Жайық өзені бойында 9, Құрманғазы ауданында 5, Каспий теңізінің жағалауында 2 бекет қызметін ұйымдастырды. Сонымен қатар, теңіз бөлігінде екі мобильдік топ құрылды. Сондай-ақ, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында бірлескен бекеттер бар, бұл – Приморский, балық аулау және Зарослый арналары", - дейді Данияр Баймағамбетов.

Ішкі істер органдары үлкен күш жұмылдырылды. Бұл 287 офицер, олардың ішінде 36 Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының әскери қызметкері жағалаудағы патрульдік және стационарлық бекеттерге қойылды. 

Нәтиже бар. Жақын күндері 2016 әскери бекетінің шекара қызметімен Исатай ауданында қамыс арасынан «Ямаха-200» қозғалтқыш моторымен артқы тіркеу нөмірі жоқ екі «байда» су көлігі табылып, теңіз инспекциясы бөліміне жеткізілді. 2019 жылдың 8 сәуірінде Исатай ауданы Манаш теңіз учаскесінде тағы да шекара қызметімен «Ямаха-200» қозғалтқыш моторы бар артқы тіркеу нөмірінсіз үшінші «байда» табылды. Үйлестіру штабы өкілдерімен аталған бағыттағы шаралар жалғасады және прокуратура органдары мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің арнайы бақылауында болады.

"Бұл шаралар балықтардың, әсіресе бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерге өтуін және олардың табысты көбеюін қамтамасыз етеді деп есептеймін", - деп атап өтті Данияр Баймағамбетов.

Сонымен бірге, инспекцияның басшысы өндірістік кооперативтер көктемгі балық аулау шараларымен белсенді түрде айналысатынын айтты.
10 сәуірдегі мәлімет бойынша, кооперативтер 751 тонна балық аулады. Бұл көрсеткіш өткен жылы осы кезеңде 132 тоннадан асқан. Биылғы жылы лимиттің жалпы көлемі 15,4 мың тоннаны құрайды.

Бекіре тұқымдас балықтар да жақсы келуде. Бүгінгі күні көбейту мақсатында 35 бекіре балығы ауланды. Өткен жылы 10 сәуірдегі көрсеткіш 3 бірлікті құрады. Облыс әкімі өткен жылдың соңында тіркелген балықтың жаппай қырылуы мәселесіне тоқталды.

"Үлкен жұмыс жасалды. Бастысы – ешкім зардап шеккен жоқ, судан немесе балықтан улану жағдайы тіркелмеді. Қоғамдық ұйымдар, еріктілер, облыс тұрғындары мен мемлекеттік органдардың біріккен белсенді жұмыс нәтижесінде өлген балықтарды жинау үшін ірі көлемдегі жұмыс жүргізілді. Қоғам белсенділеріне, ҮЕҰ басшыларына көмек және кеңес беру жұмыстары үшін, белсенділік үшін алғыс айтамын. Қазір нәтижесі бойынша барлық сауалға жауап алатын екі қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді аяқтау үшін уақыт керек, құқық қорғау органдарының жауабын күтеміз",- деді Нұрлан Ноғаев.

Инспекцияның мәліметі бойынша 2017 жылы заң бұзушылардан 43 мың тонна балық тәркіленген. 2018 жылы 1,6 тоннадан асқан. 2017 жылы 72 құқық бұзушы жауапқа тартылса, биылғы жылы 18 тадам тартылды. Бұл браконьерлікпен күресуге қатысатын барлық құрылымдардың келісілген жедел жұмысының нәтижесін көрсетеді. 

Жайық-Каспий бассейніндегі балық аулау арналарын түп тереңдету жағдайға оң әсерін тигізеді. Бүгінгі күні Атырау облысында Жайық және Қиғаш өзендерінде, арналарында түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Негізгі міндет - Каспий теңізінен өзендердің жоғарғы жағына дейін балық популяциясының өтуіне жағдай жасау.

"Бұл жұмыстар жалғасады. Арнайы қаражат бөлеміз. Келісім бар, үкімет қолдады, түп тереңдету жұмыстары келесі жылдары да жүйелі түрде жүргізіледі",- деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.
Өзгелердің жаңалығы