«Жайлы мектеп». Елімізде 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады

10 Ақпан 2023, 11:34
1582
Бөлісу:
«Жайлы мектеп». Елімізде 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады
Фото: t-media.kg

 Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов қордың қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы биыл басталады. 

Осылайша, үшінші ауысымнан толықтай құтылып, мектептердегі орын тапшылығын жоюға болады. Қазірдің өзінде 225 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді. Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін республикамыздағы қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады, - деп атап өтті басқарма басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына арналған жиында. 

Сонымен қатар ол білім ордаларын жобалау қандай нәрселерге негізделіп қолға алынатынына тоқталды. 

Мектептерді жобалау Қазақстанның қолданыстағы нормаларына, ҚР Үкіметі бекіткен техникалық тапсырмалары мен білім беру ұйымдарын салудағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы ретінде компаниямыз белгіленді, - деді төрағасы Мәулен Айманбетов.

Еске сала кетейік, жоғарыда аталған компания Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 28 қыркүйекте реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің отырысында құрылыс және жабдықтардың бірыңғай стандартын қолдана отырып, қадамдық қолжетімділіктегі заманауи жайлы мектептерді салудың үйлестірушісі болып белгіленген еді. 

Өзгелердің жаңалығы