Жайдарбек Күнғожинов Голливуд жұлдыздары қауымдастығының номинациясына ие болды

19 Сәуір 2022, 13:42
2199
Бөлісу:
Жайдарбек Күнғожинов Голливуд жұлдыздары қауымдастығының номинациясына ие болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Nomad Stunts кəсіби каскадерлер тобынның негізін қалаушы, жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Голливуд жұлдыздары қауымдастығының номинациясына ие болды.

Голливуд жұлдыздары қауымдастығының номинациясы бүгін жетті. Осыған дейін Жаңа Зеландияда «Мулан» фильмінде айла-тәсілдері бар оқу-жаттығуларды орындаған едік. Жыл сайын Голливуд жұлдыздарының қауымдастығы каскадерлердің өнері бойынша номинация тағайындайды. Әділқазылар фильм мен онда жасалған жаттығуларды таңдайды. Біз номинациясына өттік, бірақ әлі жеңген жоқпыз. Үмітіміз бар, әрине, - деді кəсіби каскадер Жайдарбек Күнғожинов. 

Жайдарбек Күнғожинов Голливуд жұлдыздары қауымдастығының номинациясына ие болды

Оның айтуынша, осыған дейін Əлем каскадерлері академиясының «Таурус» жүлдесін жеңіп алды. 

Жайдарбек Күнғожинов Голливуд жұлдыздары қауымдастығының номинациясына ие болды

Бұл осы саладағы ең ірі сыйлық болып есептеледі. Болашақта біз әлі де талай шыңды бағындырамыз деп ойлаймын, - деді ол. 

Жайдарбек Күнғожинов Голливуд жұлдыздары қауымдастығының номинациясына ие болды

Айта кетейік, «Томирис» - «Таурус» жүлдесіне ұсынылған алғашқы отандық фильм. Шетелдік фильмдегі үздік қойылым номинациясында «Томириспен» қатар «Спасти Ленинград» (Ресей), «Захар Беркут» (Украина), «Касабланка» (Египет), «Римнің бірінші королі» (Италия) фильмі жүлдеден үмітті болды.

 

Өзгелердің жаңалығы