Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

6 Мамыр 2025, 14:56
1596
Бөлісу:
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
PHOTO
Фото: автордан коллаж BAQ.KZ

Әскер – әрбір ер азамат үшін өмір мектебі. Әскер қатарында болу азаматтың шыдамдылығы мен жауапкершілігін шыңдап, қиындықтарға төтеп беруді үйретеді. Дегенмен, қазіргі таңда әскерден жалтаруға тырысатын жастар да жоқ емес. Бұл қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі.

Жастардың әскерге деген қызығушылығын арттыру және әскери қызметтің маңыздылығын көрсету мақсатында BAQ.KZ тілшісі Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің күнделікті өмірімен танысып қайтты.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше басшысы Фархат Ахметжанов әскери бөлім туралы айтып берді.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Бізге жыл сайын 600-700-ден астам сарбаз шақырылады. Сарбаздар еліміздің 20 облысынан келеді. Құраманың өзінде 2500-ге жуық адам бар. Әскери бөлімнің негізгі тапсырмасы – Алматы қаласының 7 ауданының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді ол.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Фархат Ахметжановтың әскери салада жүргеніне 25 жылдан астам уақыт өткен. Осы уақыт аралығында ол еліміздің әр өңірінде қызмет еткен. Әскери өмірдің қорқынышты еместігін айтып, жастарды әскерге шақырды.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Президент жастарды әскери өмірге ынталандыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. ҚР Конституциясының 36-бабында әрбір азаматтың отанын қорғауға міндетті екені жазылған. Жастарды ынталандыру үшін мемлекет түрлі бағдарламаларды іске асырып келеді. Мысалы, әскери борышын абыроймен өтегендерге ЖОО-ға түсуге жеңілдіктер беріледі. Әскерден кейін жұмысқа орналасуға да мүмкіндіктер бар. Әскерден қорқатын еш себеп жоқ. Сарбаздарға үш уақыт тамақ беріледі, киімдері әр алты ай сайын толық ауыстырылады, жататын жерлері жайлы әрі жылы, – деді Фархат Ахметжанов.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

5571 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз Нұрдәулет Жетпісбай Батыс Қазақстан облысынан келген. Әскерден қайтуына 20 күн қалған сарбаз әскери өмірдің өзіне оң әсер еткенін атап өтті.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Мен Ақтөбе қаласынанмын. Әскерге келу себебім – Отан алдындағы борышымды өтеу. Менің ойымша, әрбір ер азамат әскерге келіп, борышын өтеуі керек. Себебі әскер тәртіпке, ұқыптылыққа, шымырлыққа үйретеді. Үйде ерке болған жігіттер әскерде тәртіпке бағынуды үйренеді. Біздің ротамызда 102 сарбаз бар. Барлығымен бір жерде өмір сүріп, бір нанды бөлісіп жегендіктен, бауырмал болып кеттік. 20 күннен кейін үйіме қайтамын, бірақ әскерді сағынарым анық, – деді сарбаз.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Сарбаз ротада әртүрлі ұлт өкілдері бар екенін, олардың бәрі тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтты.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Әскерде қызықты сәттер өте көп. Бастапқы күндері ротадағы бір жігіт ұйқылы-ояу аяқ киімін теріс киіп алған. Командиріміз байқағанда бәріміз күліп алдық. Мұндай көңілді сәттер бізді біріктіреді, – деп еске алды ол.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Әскери қызметтің ең өзекті мәселелерінің бірі – әлімжеттік және сарбаздардың арасындағы қиын жағдайлар. Соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған, оның 86-сы суицид деп тіркелген.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Біздің әскери бөлімде сарбаздарға қысым көрсетілмейді. Бұл үшін күндіз-түні жұмыс істеп, түсіндіру шараларын өткіземіз. Әр сарбаздың ата-анасымен байланыста болу үшін арнайы чаттар бар, – деді Фархат Ахметжанов.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Фархат Ахметжанов сарбаздардың әскерге алғаш келгенде бейімделу кезеңінен өтетінін түсіндірді.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Әскери ортаға үйрену үшін сарбаздарға шамамен бір ай уақыт қажет. Алғашында тамаққа, тәртіпке, климатқа бейімделу оңай емес. Бірақ уақыт өте олар жаңа өмір салтына үйренісіп кетеді. Бізде "Аналар жүрегі" ұйымы бар, олар сарбаздардың жатын орындарының жайлылығын және тамақтану сапасын бақылап отырады. Жаңадан шақырылған сарбаздарға арнайы бейімделу бағдарламасы бар, – деді ол.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Фархат Ахметжанов ата-аналардың жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі

Баланы отансүйгіштікке тәрбиелеу – ата-ананың міндеті. Әскер – қиын емес, ол өмір мектебі. Сондықтан жас ұрпақты дұрыс бағытқа бейімдеу маңызды, - деп сөзін қорытындылады Кеңес Одағының Батыры.

Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Жауынгердің бір күні: әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібі
Өзгелердің жаңалығы