Жауынгер чемпиондар елге оралды

29 Тамыз 2022, 21:30
1571
Бөлісу:
Жауынгер чемпиондар елге оралды
PHOTO

Қазақстан командасы Халықаралық армия ойындарының Арменияда өткен «Бейбітшілік жауынгері» байқауынан оралды,  деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қазақстанның әскери қызметшілері жеңіске жеткен байқау армян елінің Дилижан қаласында өткен болатын. Команда құрамында аға сержанттар Дархан Аслан, Бектөре Назашов, Тұрар Тілегенов және қатардағы жауынгер Нәзира Әлбосынова тартысты бәсекеде қарсыластарын жеңді. «Ратник» деп аталатын шешуші кезеңде біздің жауынгерлер барлық жаттығулардан – әскери-қолданбалы пәндерден, әскери-медициналық жарыстан және атыс даярлығынан үздік нәтижелер көрсетті. Бұл көрсеткіштер қазақстандық командаға Армения, Беларусь және Ресейден келген қарсыластарынан басып озып, жеңіс тұғырына көтерілуге мүмкіндік берді. 

Жауынгер чемпиондар елге оралды

Әскери альпинистер Кабардино-Балкария тауларында өткен «Эльбрус шеңбері» байқауына қатысып, үйлеріне оралды. Жарысқа қатысушылар тау кедергілерінен өтіп, жартастарға көтеріліп-түсуді орындады, аспалы өткелмен жүріп, ағысы қатты тау өзенінен өтті, соңғы кезеңде Эльбрус шыңына шықты. Тартысты сайыста Қазақстан командасы Ресей, Өзбекстан және Қытай қарсыластарына есе жіберіп, төртінші орынға ие болды.   

Жауынгер чемпиондар елге оралды

Елорданың әуежайында ойынға қатысушыларды достары мен әріптестері қарсы алды. Қарулы күштердің басшылығы атынан  Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Нұрлан Алдияров әскери қызметшілерді халықаралық армия ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Ол қазақстандық жауынгерлердің жоғары нәтижелері әскерлердегі жауынгерлік оқу сапасының ұдайы нығаюының көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштерінің халықаралық аренадағы беделін арттырудың маңызды факторы екенін атап өтті.

Жауынгер чемпиондар елге оралды
Өзгелердің жаңалығы