Жауын-шашын болып, жел күшейеді

2 Қараша 2022, 13:02
2122
Бөлісу:
Жауын-шашын болып, жел күшейеді

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын ылғалдың үлкен қоры бар аз жылжымалы солтүстік-батыс циклоны анықтайтын болады.

 4 қараша күні  күндіз ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. 

5 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте,  тәулік бойы оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады, түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. 

Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде желдің күшеюімен бірге жаяу бұрқасын болжанады. Қазақстан бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Өзгелердің жаңалығы