Жауапты хатшылар 685-830 мың теңге айлық алып келген

4 Қыркүйек 2020, 05:17
1486
Бөлісу:
Жауапты хатшылар 685-830 мың теңге айлық алып келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сынаған жауапты хатшылардың бір айлығы – 830 мың теңге. КТК арнасының хабарлауынша, сол жауапты хатшылар институты еліміздегі 15 министрлікте жұмыс істейді екен.

Министрліктегі жауапты хатшының жалақысы бүгінде орташа есеппен 685 мың теңгені құрайды. Жалпы, еңбекақы әркімде әртүрлі, еңбек өтіліне байланысты 815-830 мың теңгеге дейін барады. Бүгінде мемлекет басшысының берген тапсырмасы күн тәртібінде тұр. Жақын күндері нақты шешім шығарылады, - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте ел халқына арнаған Жолдауында президент жауапты хатшылардың жұмысын сынға алып, оларды қысқартуды тапсырған болатын. Сол кезде министрліктің жұмысына тікелей министр жауап беруі керектігі айтылды. Енді заңға сәйкес, жарты миллионнан астам жалақысы бар жауапты хатшылардың орнын министрліктердегі аппарат жетекшілері басады. Ал жұмыстан босатылған шенеуніктердің тағдырын министрлердің өзі шешуі тиіс.
Өзгелердің жаңалығы