Жауапкершіліктен қашпаймын. Сүлейменова өрттен кейінгі тергеу жайлы

19 Маусым 2023, 17:29
3531
Бөлісу:
Жауапкершіліктен қашпаймын. Сүлейменова өрттен кейінгі тергеу жайлы
Фото: автордан

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде неге жауапты болғанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мен өзімді министрлік пен блокқа жауаптымын деп есептеймін. Әрине, менің департаментімнің құрамына кіретін кез келген блок үшін басқарма басшысы ретінде жауаптымын. Мен одан қашпаймын. Тергеп-тексеру амалдарына барынша көмектесемін, - деп жауап берді Сүлейменова.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері 1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысын көтеру туралы шешім неге мұндай жағдайдан кейін қабылданғанын айтты.

Бұл оқиғадан кейін емес оған дейін де айтылды. Жалақыны көтеруді көздейтін Үкіметтің қаулысының өзін қателеспесем, 2-3 ай бұрын қабылдадық. Егер сіз, министрліктің әлеуметтік желілерін мұқият қадағалап отырсаңыз, біз жалақы көтерілетіні туралы бірнеше рет ақпарат бердік. Мен өзімнің жеке парақшамда да жалақыны көтеруді жоспарлап отырғанымыз туралы ақпарат бердім. Шынында да, жалақы өте төмен, - деп жауап берді Зульфия Сүлейменова.

Экология министрі отставкаға қандай жағдайда кететінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы