"Жауабым болды". Бишімбаев Нүкенованы видеоға не үшін түсіргенін айтты

22 Сәуір 2024, 17:36
3100
Бөлісу:
"Жауабым болды". Бишімбаев Нүкенованы видеоға не үшін түсіргенін айтты
Фото: Жоғарғы сот

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев Нүкенованы ұялы телефонға не үшін түсіргенін айтты. Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтан жауап алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтан "видеоға (еск - Нүкенованы) сіз түсірдіңіз бе?" деді, ал ол "иә, мен түсіндірім" деп жауап қатты.

Судья: Есіңізге түсті ме?

Бишімбаев: Жоқ, бірақ мұны мен түсіргенім көрініп тұр

Судья: Еденде бір таблеткалар жатыр. Ол қандай дәрілер?

Бишімбаев: Түйме шығар... Дәрі болған жоқ

Судья: Еденде ол (Нүкенова) нені іздеп жатты? Нені тап дедіңіз?

Бишімбаев: Ұялы телефонын ғой деймін

Кейін сотталушы "Бұл видеолардан мен оны ұрмағанымды түсіндіргім келеді. Кейін ол ұйықтап қалды" деді.

Судья: Бұл видеоны не үшін түсірдіңіз?

Бишімбаев: Оның қорлығына қорлықпен жауап бергім келді

Судья: Қандай қорлық жайлы айтып тұрсыз?

Сотталушы марқұм Нүкенованың сыйлаған заттарын лақтырып, балағаттағаны бойына жиналып, ашуға мінгенін айтты. 

Осыған дейін сотта Бишімбаевтың телефонындағы бейнелер қаралып, Салтанаттың ағасы сотта көз жасына ерік бергені туралы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы