Алматыдағы оқу-жаттығуда граната жарылып, полицейлер зардап шекті

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы оқу-жаттығу кезінде өлімге әкелмейтін қол жарық-дыбыстық гранатасы мерзімінен бұрын жарылған.

 unsplash.com Бүгiн 2026, 21:32
Бүгiн 2026, 21:32
196
Фото: unsplash.com

Әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы оқу-жаттығу барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің 15 қызметкері граната жарылысынан зардап шекті деген ақпарат тарады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы оқу-жаттығу кезінде өлімге әкелмейтін қол жарық-дыбыстық гранатасы мерзімінен бұрын жарылған.

Техникалық оқиға болған жердің маңында жүрген қызметкерлерге қажетті медициналық көмек көрсетілген. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері қызметкерлердің жаппай жарақат алғаны және олардың жағдайы ауыр екені туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Наверх