Жасы 35-тен асқан әйелдің Даун синдромы бар баланы дүниеге әкелу ықтималдығы артады

18 Наурыз 2021, 16:54
2748
Бөлісу:
Жасы 35-тен асқан әйелдің Даун синдромы бар баланы дүниеге әкелу ықтималдығы артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Даун синдромы бар баланы дүниеге әкелу қаупі барлық жұпқа тән. Дегенмен жасы 35-тен асқан жандардың хромосомалық патологиясы бар баланы дүниеге әкелу ықтималдығы артады. 

Бұл туралы «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының» бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Дамилия Салимбаева айтты. 

Оның айтуынша, 25 жасқа дейінгі жұптардың Даун синдромы бар баланы дүниеге әкелу қаупі 1500-ге шаққанда біреу болса, 35 жастан асқандарда ол 150-ге шаққанда біреуді құрайды.

Бұл диагноздың алдын алу үшін ер мен әйел жүктілікті жоспарлағаны абзал. Әсіресе, жасы 35-тен асқандар бала көтерудің алдында азғасында тапшы дәрумендер мөлшерін көтеріп, жүктіліктің алғашқы үш айында ДНК синтезіне қатысатын фолий қышқылын қабылдаулары және скринингтен дер кезінде өтулері тиіс, - дейді дәрігер. 

Оның айтуынша, Даун синдромы генетикалық қана емес, тұқым қуалаушылық факторларға тәуелді екенін ескеру қажет.

 Ерте диагностика оны анықтауға ғана көмектесетінін атап өткім келеді. Ал диагноз расталған жағдайда ондай баланы дүниеге әкелу, әкелмеуді тек ата-анасы шешеді. Дегенмен қазір медицина осындай диагнозбен туған балалардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біздің елде де оларды оңалтуға көңіл бөлініп отыр. Даун синдромы бар балалардың паталогиясы әртүрлі. Біреулерінің неврологиялық бұзылушулықтары болса, бірінде гормоналдық өзгерістер болуы мүмкін. Дене бітімінде де ерекшеліктері болады. Бұл белгiлерді нәресте туылған сәттен-ақ байқауға болады немесе сәби өсе келе анық бiлiне бастайды. Даун синдромымен туылған балалардың иммунитеті әлсіз болады, сондықтан олар аурушаң келеді. Мәселен пневмониямен жиі ауырады, әрі түрлі инфекцияларды жұқтыруға ағзасы бейім болады. Онкогематологиялық ауруға жиі шалдығады, - дейді ол.

21 наурыз - Халықаралық Даун синдромымен ауыратындар күні. Бұған дейін Даун синдромын анықтау үшін жүктілік кезінде есепке ерте тұру маңызды екенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы