Жастардың армия қатарына баруға зауқы жоқ. Сайыров әскердегі былық туралы айтты

27 Сәуір 2022, 09:23
1674
Бөлісу:
Жастардың армия қатарына баруға зауқы жоқ. Сайыров әскердегі былық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров facebook-тегі парақшасында жазды. 

Армияда қатардағы жауынгерлерге қатысты уставтан тыс қатынастар ушығып тұр. Баласын мемлекетке сеніп тапсырған аналар баласын жоқтап жыламауы керек.Соңғы кездері Қарулы күштердің престижі түсіп барады. Балалар армия қатарына баруға зауқы жоқ.Өйткені, өкінішке қарай, Қарулы күштер қатарында келеңсіз оқиғалар жиі кездеседі, - деді депутат. 

Ол айтқандай, біздің Қарулы күштер – біздің қалқан екенін ұмытпауымыз керек.

Қарулы күштердің беделін арттыру  – барлығымызға ортақ міндет. Сонымен бірге Қарулы күштер басшылығы, командирлер қатардағы жауынгерлердің өмірі мен моральдық бет-әлпеті үшін жауапты екендігін ұмытпауы тиіс, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы