Жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру мәселесі талқыланды

8 Қыркүйек 2022, 00:15
1277
Бөлісу:
Жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру мәселесі талқыланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде Дархан Қуандықұлы халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттау мәселелеріне назар аударды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың ел игілігі жолында атқарып жатқан жұмыстары мен діни ағарту, уағыз-насихат, қоғамға ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеу бағыты бойынша қолға алған жоспары мен жобалары жайлы баяндады. Жақында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІ Съезіне дайындалу мәселелері де пысықталды.

Басқосу соңында тараптар ел игілігі мен болашағы жолында ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Кездесуге ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов пен сала мамандары да қатысты.

Өзгелердің жаңалығы