Жастарды әскери борышын өтеуге шақырды

19 Қаңтар 2021, 09:15
2154
Бөлісу:
Жастарды әскери борышын өтеуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінде 2021 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында зерделеу жұмыстары өтуде.

Осы жылы Түркістан облысында 23 мыңға жуық ер-азаматты зерделеу жоспарланған.

Әскерге шақырылушыларды зерделеу ауқымды жұмыс және сауалнамалық деректерді нақтылаудан басталады. Одан кейін әрбір әскерге шақырылушымен және оның ата-аналарымен әңгімелесу парақтарын толтыра отырып, зерделеуге жауапты лауазымды адамдардың жеке әңгімелесуі жүргізіледі.

Зерделеу жұмыстары кезінде болашақ Отан қорғаушылардың әскердің қандай түрлері мен тектерінде қызмет өткеруге дайындығын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Зерделеу барысында әскерге шақырылушылардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары міндетті түрде ескеріледі. Сондай-ақ, олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімі, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасылық жағдайы туралы ақпарат нақтыланады.

Әскерге шақырылушыларды зерделеу барысында әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар, тергеуде жүргендер, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің және дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері ретінде арнайы есепте тұрғандарға да көңіл бөлінеді.

Бұл шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер мен денсаулық сақтау органдарының өкілдері және жергілікті басқару органдарымен  бірлесе жұмыс жүргізіледі.

Айта кетсек, 2020 жылы Түркістан облысынан әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға заңды құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 4 мыңнан астам азамат Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке жіберілген.

Өзгелердің жаңалығы