Жастар және отбасы саясаты бағытында 12 гранттық жоба жүзеге асырылып жатыр – Балаева

26 Мамыр 2021, 15:31
2890
Бөлісу:
Жастар және отбасы саясаты бағытында 12 гранттық жоба жүзеге асырылып жатыр – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы халық алдындағы есеп беру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Министр жастар және отбасы саясаты маңызды бағыттың бірі екенін атап өтті.

Ресми статистика бойынша қазір елімізде 3 миллион 765 мың жастар өкілі бар. Бұл халықтың 20,4%-ын құрайды. Сонымен қатар 500-ден астам жастар ұйымы қызмет етеді.

Өкінішке қарай, былтырғы пандемиялық шектеулерге байланысты бірқатар жоба тоқтатылған болатын. Біразы онлайн форматқа ауыстырылды. Дегенмен негізгі жоспарлы жұмыс сақталып, 22 әлеуметтік жоба іске асты. Оның аясында 300 мыңнан астам адамды қамтыған 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, - деді Аида Балаева.

Оның сөзінше, осы кезеңдегі жұмыста негізінен ақпараттық-кеңес беруге басымдық берілді.

Жастарды қолдауға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар, жобалар мен бастамалар бойынша 11 миллион адамға кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жастар және отбасы саясаты бағытында 12 гранттық жоба орындалып жатыр, - деп түсіндірді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Сондай-ақ биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты түрлі саладағы талантты жастарды қолдауға арналған 30 гранттық жоба ұсыну жоспарланып отыр.

Айта кетсек, жыл соңына дейін тағы 12 жоба іске асырылады.

Өзгелердің жаңалығы