Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 11 маусым күні заманауи отандық музыканың алғаш рет ауқымды фестивалі ((beu fest)) өтеді. Жаңа толқынының ең жарқын өкілдері алғаш рет бір алаңда өнер көрсетеді. Фестивалда әртүрлі музыкалық бағыттар бойынша, атап айтқанда хип-хоп, поп және инди шырқалады.
Фестивалді ұйымдастырушылар қазіргі заманның ең үздік және ерекше әртістерін жинай білген. Олардың қатарында Ирина Кайратовна, Ninety One, Shiza, The Limba, Yenlik, Moldanazar, 104, Ulukmanapo, Raim, Darkhan Juzz, Taspay, jeltoksan, Hey Monro, Kalifarniya, Alpha, Marhaba Sabi, ARO, abdr., JETI, Qonyratbay Fam, dudeontheguitar, Ato Woody, Rauana және тағы басқалары бар.
Сондай-ақ фестивалде шығармашылығы қазақстандықтарға жақсы таныс Қырғызстан мен Өзбекстанның орындаушылары да өнер көрсетеді.
Фестивалдің бас продюсері Жаннұр Айдарбекова аталған фестиваль жас жергілікті әртістерді қолдау және біріктірудің тәсілі екенін айтады.
Пандемия кезінде адамдарға оңай соқпады. Әсіресе шығармашылықпен айналысатын жастар торығып қалғандай болды. Сондықтан әр жанрда өнер көрсететін әншілерді бір алаңға жинауды жөн көрдік, бұл фестивальдің ерекшелігі де сонда. Ол жерде хип-хоп, рок, инди музыка бәрі орындалады. Әншілер сахнаға шыққанда әннің мәтіні экраннан көрсетіліп тұрады, бұл тыңдаушылардың да бірге қосылып ән салуына ыңғайлы. Әннің мәтіндері латын харпімен жазылады, бұл жастарды қазірден латын әрпіне жақындатып, оны кеңінен таныстыра түсуге септігін тигізеді,-деді ол.
Сонымен қатар ол бұл фестиваль дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетінін жеткізді.
Біздің талантты жастарды сырттағы жетістіктерінен кейін емес, елде тану маңызды. Сонымен қатар, Алматы - талғам мен тренд қалыптасатын мегаполис. Әртістеріміздің шығармашылығын сүю және құрметтеу – керемет! Фестивалді дәстүрлі түрде жыл сайын өткізгіміз келеді. Бұл жастардың жаңа бағыттағы фестивалінің бастауы,-дейді Ж. Айдарбекова.
Фестивальдің режиссері Айгүл Ақсамбиева фестиваль бағдарламасы көрермендерге бұрыннан таныс стандарттардан ауытқитынын айтады. Шоулар мен қойылымдар болмайды. Тек музыка мен сапалы дыбыс - қазіргі заманғы әртістер жақсы көретін шығармашылық минимализм» болады, дейді ол.
Біздің ең басты ерекшелігіміз – атмосфера. Пандемия кезінде көптеген жаңа артистер, әншілер шықты, әлемдік трендке енген қаншама әндер бар. Осылардың барлығының басын бір алаңда қосамыз. Үлкен сахна, профессионалдық жарық түсіру болады және дыбысқа үлкен мән беріп отырмыз. Әншілердің барлығы жанды дауыста шырқайды. Басқаларға үлгі болсын деген ойда жастар жанды дауыста ән айта алады дегенге басымдық беріп отырмыз,-дейді ол.
Ақсамбиева сондай-ақ бұл жаңа бағыттағы фестиваль болғандықтан ескіліктен аукытқығандарын жеткізді.
Ескі фестивальдердің стилін қоса алмаймыз. Артис пен оның жанкүйерлерінің арасында ешқандай кедергі болмау керек. Біздің басты міәндетіміз – Алматының атмосферасын жаңа музыкамен үндестіріп, жаңа деңгейге шығару,-деді ол.