«Жастар Рухының» белсенділері Президент Жолдауын қолдайды

9 Қыркүйек 2022, 20:38
2700
Бөлісу:
«Жастар Рухының» белсенділері Президент Жолдауын қолдайды
PHOTO
Фото: Әли Ғалым

«AMANAT»-тың Орталық аппаратында партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «BIR TOLQYNDA» диалог алаңының отырысы өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талқылау тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында жас ұрпаққа ерекше назар аударды.

«Жастар Рухының» белсенділері Президент Жолдауын қолдайды

Осы күні елімізде 70 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінеді. Дамыған еуропалық мемлекеттердің көбісінде мұндай жеңілдік жоқ. Бұл сіздерге беріліп отырған зор мүмкіндік. Себебі, білімді, білікті азаматтардың өмірде өз орнын таба алуы – мемлекет үшін аса маңызды. Шамамен, Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны – жас азамат. Сондықтан, Әділетті Қазақстанды құру ісінде әрқайсыңыздың қосқан үлесіңіз маңызды, – деп атап өтті халық қалаулысы.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Жолдауда жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес шаралары, атап айтқанда кәсіпкерлікті көтермелеу арқылы жас ұрпаққа қолдау көрсету мәселесі айрықша айтылғанына назар аударды.

«Жастар Рухының» белсенділері Президент Жолдауын қолдайды

Президент жастарға 2,5%-бен жеңілдетілген несие берілетінін мәлімдеді. Бұл шара қоғамда қызу талқылануда. Алдағы уақытта Қазақстандағы шағын бизнес жастардың тың бастамалары арқылы жаңа деңгейге көтерілетініне сенімдімін. Осылайша, мемлекет жастарға айрықша назар аударып қана қоймай, еңбексүйгіштік пен кәсіби шеберлікті көтермелеп отыр. Ал онсыз табысты кәсіп құру мүмкін емес, – деді ол.

Өз кезегінде, «Talap» КЕАҚ президенті Шолпан Өтелбаева мемлекет жастардың білім деңгейін арттыру үшін көп күш жұмсайды деп санайды.

«Жастар Рухының» белсенділері Президент Жолдауын қолдайды

Бір кездері «AQYL» білім беру депозитімен айналыстым. Сол кезде осы жинақтаушы жүйені әр бала қаражат ала алатындай етіп түрлендіру туралы ой пайда болды. Несін жасырайын, Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының бір бөлігі 18 жасқа толмаған әрбір қазақстандыққа бағытталатынын айтқан кезде ерекше қуандым, – деді ол.

«Жастар Рухының» белсенділері Президент Жолдауын қолдайды

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің пайымдауынша, Мемлекет басшысы жариялаған мемлекеттік басқару жүйесін қайта жаңғырту жұмысы анағұрлым білікті әрі талантты мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы