Жастар орталығы ерекше акция ұйымдастырды

16 Қараша 2022, 19:20
1276
Бөлісу:
Жастар орталығы ерекше акция ұйымдастырды

Степногорск қаласындағы жастар ресурстық орталығы «Балапан» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандар арасында әлеуметтік акция өткізді, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашу, олардың қазіргі әлемде толық әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.

Акция аясында жастарға арналған конкурстық-зияткерлік бағдарлама өткізілді. Сондай-ақ аниматорлар шақырылып, шай кеші ұйымдастырылды.

Жастар орталығы ерекше акция ұйымдастырды

Көмекке мұқтаж адамдардың белгілі бір санатына нақты қолдау көрсетуді ұйымдастыруды мақсат еттік. Қатысушылар түрлі спорттық мен викториналық ойындарда ерекше белсенділік көрсетті. Балалармен қатар ересектер де ән айтып, би билеп, жаттығуларға қатысып, көңілді отырды. Акция барлығына ұнағанын байқадық, - дейді жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Рабиға Қамзақызы. 

«Балапан» мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар қоғамы 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 

Бірлескен жұмысымыздың нақты жемісін көру әрине қуантады. Алдағы уақытта осы бағытта көптеген жоспарлар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысып, уақыттарын тиімді өткізгенін қалаймыз. Өйткені, белсенді өмір салтын ұстануды мақсат еткен жандарда қарапайым адамдар сияқты қажеттіліктер бар, - деп пікір білдірді «Балапан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Евгения Овчинникова.

Ол атап өткендей, ұйымдастырушылар қозғалыстың нағыз мерекесін ұйымдастырды. 

Жастар орталығы ерекше акция ұйымдастырды

Қатысушылар өздерін еркін сезінгеніне көз жеткіздік. Мүмкіндігі шектеулі балалар да ойнап, оқып, өзгелермен бірдей өмір сүре алады, - дейді қоғамдық бірлестік жетекшісі.

Іс-шара соңында қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді. Акцияға қатысушылар да ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті.

Айта кетейік, жақында Степногорск қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған демалыс орталығы ашылды. 260 шаршы метрлік спорт залы арнайы көпфункционалды тренажерлармен, жүгіру жолдарымен жабдықталған. Күн сайын кесте бойынша 20-ға жуық адам айналысады. 

Өзгелердің жаңалығы