Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру қорытындысы шығарылды

23 Ақпан 2022, 22:08
1534
Бөлісу:
Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов Қазақстандағы жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысты.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Талқылауға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, Дүниежүзілік банктің өкілдері, депутаттар, ҮЕҰ мен жастар ұйымдарының өкілдері, жастар корпусын дамыту жобасын басқару тобының және үйлестіру агенттігінің өкілдері қатысты.

Іс-шарада бірінші компонентті іске асыру қорытындысы бойынша, яғни қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметін оқыту және өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша
есеп берілді.

Сондай-ақ, қатысушылар қазіргі жастардың өзекті мәселелерін, жобаның Қазақстандағы жастар жұмысын институционалдық нығайтуға әсерін талқылады.

Министрлік басқа жобаларды іске асыру кезінде пайдалануды жоспарлап отырған оң нәтижелері үшін вице-министр А.Данилов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоға және Zhas Project жобасының барлық қатысушыларына алғысын білдірді.

Бізге жастар саясатын жүйелі жүзеге асыру үшін сараптамалық қолдау қажет. Сарапшыларды біздің жұмысымызды жетілдіру бойынша нақты тетіктерді талқылауға және әзірлеуге белсенді қатысуға шақырамын, - деді сарапшыларға Данилов.

Естеріңізге сала кетейік, жобаны жүзеге асыру барысында 2908 кіші жобаны іске қоса отыра, 9 796 жас адам грант алды. Жобаны қаржыландыру Қазақстан мен Халықаралық қайта Қэқұру және даму банкі арасындағы грант туралы келісім негізінде жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы