Жасөспірімдер түсірген әдепсіз видеоға қатысты полиция тергеу бастады

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген әдепсіз видео әлеуметтік желіде тарады.

27 Қараша 2026, 19:09
АВТОР
 Жамбыл облысының ПД 27 Қараша 2026, 19:09
27 Қараша 2026, 19:09
169
Фото: Жамбыл облысының ПД

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталып, олар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Олардың қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылды. Олардың ата-аналары бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Білім басқармасы мен Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның атына құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізілді. Тергеу жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар бейнежазбаны әлеуметтік желілерде тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция порнографиялық материалдарды және өзге де құқыққа қайшы контентті таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды. 

Наверх