Жасөспірімдер де жазаланады – аға инспектор

30 Наурыз 2024, 08:50
422
Бөлісу:
Жасөспірімдер де жазаланады – аға инспектор
Фото: жеке мұрағатынан

Жасөспірімдер қылмысы жанға батады. Себебі: ол әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған бала. Ол – ертеңгі ел сенімі. Жасөспірімдер қылмысын жазалаудың соңында ауыр зардап қалады. Дегенмен, әділетті қоғам ұстанымы – ешбір қылмыс жазасыз қалмауы керек.

Осы орайда Жамбыл облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының Кәмелетке толмағандар полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Тілебекұлы Қалышевты аз-кем әңгімеге тарттық.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөз бар. Бүгінде бесігінен бүлінген жас жеткіншектер қарасы артып келеді. Әрине, ешбір ата-ана баласының дұрыс жолдан тайқып, теріс қылықпен әуестенуіне жол беруіне қарсылық танытады. Біақ бізде сол себебімен емес, салдарымен күресеміз.

Өкінішке қарай, елімізде жасөспірімдер жасайтын қылмыс артпаса кеміп жатқан жоқ. Дерекке сүйенсек, жыл сайын орта есеппен 145 мыңнан астам жасөспірімдер жасайтын заң бұзушылық тіркеледі екен. Бозбала мен бойжеткендер арасындағы теріс қылықтың көбі – біреуді қорқыту, бопсалау, ұрып-соғу, ұрлық және өз-өзіне қол салу сияқты фактілерден тұрады. Ең қиыны, осындай келеңсіздіктердің барлығы заң тәртібімен жазаланып жатса да, тіпті бас бостандығынан айырылып, жас өмірін тар қапаста өткізуге үкім шықса да, өзгелерге сабақ болар емес.

– Әлішер Тілебекұлы, бүгінде республика бойынша жасөспірімдер жасайтын қылмыс саны артып барады. Жамбыл облысында жасөспірім жасаған немесе жастар қатысқан қылмыс көрсеткіші қандай?

Жасөспірімдер қылмыстылығы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, ағымдағы жылы тиісті профилактикалық шаралар қабылданды.

Ағымдағы жылдың 2 айы ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған – 24 қылмыс тіркелген (2023 -30) 6дерекке немесе - 20,0 % төмендеген.

Ал кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар облыс аумағында. 9 қылмыс тіркелген (2023-5)

Өткізген талдау сәйкес, 8 қылмыс 2023 жылы, қылмыстық іс қозғалып өндіріспен 2024 жылы аяқталып биылдық статистикаға кіріп отыр.

– Жасөспірімдердің қылмыс жасауына не түрткі? Белгілі бір зерделеу бар ма?

– Орын алған жалпы қылмыстың 55,5 пайызы немесе 
5 дерегі бұл бөтеннің мүлкін ұрлау және мал ұрлығы қылмыстары.

Жасөспірімдердің қылмысқа бару себебі, әлеуметтік теңсіздік, өзінің арасындағы басқа балаларға еліктеп, қымбат ұялы телефон немесе сәнді киім алуға және тағы да басқаға ұмтылады.

– Жергілікті құқық қорғау органдары жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша биылдыққа қандай жұмыстар атқаруда?

– Жыл басынан Білім бөлімдері, комиссия мүшелері, жастар орталықтары прокуратура мобильдік қызметкерлерімен бірлесе отырып "Түнгі қаладағы балалар" атты Жедел профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.

Іс-шаралар барысында 724 (2023 ж. - 623) бірлескен рейд ұйымдастырылды, оның 364 (2023 ж. - 328) мектеп жанындағы рейдтік іс-шаралар. Рейд барысында жалпы ҚР ӘҚБтК-ің түрлі баптары бойынша 2 мың 715 (2023 ж. - 1456) әкімшілік хаттама толтырылды.

Осыған орайда күнделікті өткізген рейдтік және профилактикалық шаралардың нәтижесінде, түрлі қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Жамбыл облысы ПД-ің, ПБ-не 1550 (2023 ж. - 979) кәмелетке толмаған жеткізілді. (1525 әкімшілік құқық бұзушылық үшін, 25 қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған үшін).

  • ҚР ӘҚБК-нің 127 бабымен өз балаларың тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс дәрежеде орындамағаны үшін - 143 ата анаға әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды. (2023 ж-56)+155,4%
  • ҚР ӘҚБК-нің 132 бабымен түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген - 73 әкімшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылып 849 мың 160 теңге айыппұл салынды. (2023 ж-59 ) +23,7%
  • ҚР ӘҚБК-нің 200 бабы бойынша алкогольдік өнімдерді сатудың ережесі туралы заңнаманы бұзудың - 44 дерегі анықталып жеке кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік істерді сотқа жолданып 2 млн 215 мың 200 теңге айыппұл салынды. 2023 ж-23) +91,3%
  • ҚР ӘҚБК-нің 435 бабы кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша 27 ата-ана жауапкершілікке тартылды (2023 ж-15)+80,0%
  • ҚР ӘҚБК-нің 440 бабының 2 бөлігі, он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі дерегі бойынша 7 ата-ана жауапкершілікке тартылды (2023 ж - 7) 0 %.
  • ҚР ӘҚБК-нің 442 бабы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 1237 ата-ана жауапкершілікке тартылды (2023 ж-769)+60,9%

Сонымен қатар 138 (2023 ж 123) кәмелетке толмаған, 60 (2023 ж. 45) жайсыз отбасы анықталып есепке қойылды, қазіргі таңда Полиция бөліністерінде 344(2023 ж 288) жасөспірім және 314 (2023 ж 277) жайсыз отбасы есепте тұр, 15 (2023 ж 9) тұлға ата-ана құқығынан айырылды немесе шектелді, арнайы мектепке 5 (2023 ж 3) жасөспірім оқшауланды, 75 (2023 ж 46) кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына орналастырылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда ювеналдық полиция қызметкерлерінің тарапынан 50 -іс қаралды.

Оның ішінде, ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу бойынша 19, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша 16, оқуға орналастыру бойынша 3, арнайы мектепке орналастыру 12 іс-құжат

Кәмелеттік жасқа толмағанадардың аумақтық инспекторлар, облыс аумағында орналасқан барлық білім беру орындарында, мамандармен бірлесе отырып, ата-аналармен, жасөспірімдермен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы тақырыбында профилактикалық түсіндірме жиналыстарын жүйелі түрде өткізілуде. ПБ-де профилактикалық есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды және олардың заңды өкілдерімен ЮПБ-нің қызметкерлері тиісті профилактикалық жұмыстарды жандандыруда.

Баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерде бала тәрбиесі профилактикасына 526 мақалалар мен бейне сюжеттер, 1-теледидар, 12-басылымдарда және 513-интернет желілерінде жарық көрді. Кең ауқымды 2308 лекция мен «42 дөңгелек үстелдер» 75 ата-ана жиналыстары ұйымдастырылды.

– Заң бойынша жасөспірімдер жасаған қылмыс үшін қалай жазаланады?

– ҚР Қылмыстық Кодексi
15-бап. Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады. 
ал қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), т.б ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін 14 жастан жауаптылыққа жатады

– Кәсіби маман ретінде ғана емес, ата-ана ретінде жастар арасындағы қылмысты болдырмау үшін қоғам қандай әрекеттер жасауы керек?

– Қазіргі кезде, жасөспірімдер қылмысының себептерін талдауға сүйенсек, оларға ең алдымен қадағалаусыздықтың ықпал ететініні, яғни отбасы тарапынан тиісті бақылаудың болмауы.

Балалар тәрбиесінде бірінші жанұя, ата-анасы, қоршаған ортасының да мәні зор.

Сол себептен, бала тәрбиесінде бір ғана, құқық қорғау, білім беру органынмен емес жалпы қоғам болып ұлттық тәлім тәрбиені қалыптасу, қоғамының даму заңдылықтарын, ұлттың тарихи, мәдениеттілігін және экономиканы тығыз байланыстыра отырып күрескенде ғана ұлағатты жас ұрпақты тәрбиелеуге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі басты талап пен тәртіпті тек меткепте оқы жүр, мұғалім жауапты деп, өзгеге артып қоюға болмайды. "Баланың бас ұстазы – ата-ана" деп бізге дейінгілер айтып кеткен. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласы үшін, оның өмірі үшін жауапты. Жауапкершіілк арқалау деген – тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету емес. Бүгінде барлық ата-ана жұмысбасты, материалдық қажетті өтеуші. Бірақ қазіргі қоғам, бүгінгі бала тәрбиесі бізден, ата-аналардан мүлдем жоғары, мүлдем басқа талап күтіп отыр. Сол себепті ұрпақ тәрбиесінде баршамыз жауаптылық танытуға тиіспіз. 

– Әңгімеңізге рахмет.

Өзгелердің жаңалығы