Жас жігіт құрылыстағы бетонды ұрлап, сатып жіберген

26 Қазан 2022, 21:35
959
Бөлісу:
Жас жігіт құрылыстағы бетонды ұрлап, сатып жіберген

«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында, күдіктінің Нәжімеденов көшесінің бойындағы құрылыс нысанының жетекшісі (прораб) болып жұмыс істегені анықталды. Содан ол пайдакүнемдік мақсатында құрылыс нысанына тиесілі құны 1 млн. 500 мың теңгені құрайтын бетонды белгісіз біреуге сатып жіберген.

Аталған фактіге қатысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті қырағы болуды, құрылыс нысандарында күзетті күшейтуді және бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы