Жасөспірімге әдепсіз суреттер жіберген павлодарлық бас бостандығынан айырылды

6 Қыркүйек 2020, 15:15
1803
Бөлісу:
Жасөспірімге әдепсіз суреттер жіберген павлодарлық бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының тұрғыны Наталья Сташова ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевқа, сондай-ақ ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке алғыс білдірді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2016 жылы оның кәмелетке толмаған қызының телефонына әдепсіз мазмұндағы фотосуреттер түсе бастағаннан кейін әйел полицияға жүгінген.

Ресей Федерациясының тәртіп сақшылары қаскүнемнің Павлодар облысының аумағында тұратынын анықтаған. Сондықтан осы іс бойынша барлық материал Қазақстанға жіберіліп, полиция қызметкерлері тиімді жұмыс нәтижесінде қылмысты ашқан. 

Кінәлі адам сотталды. Ер адамға 6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
Құрметті Ерлан Заманбекұлы және Ғизат Дәуренбекұлы! Павлодар аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімінің тергеушісі полиция қызметкері, аға лейтенант Аманжол Мейірханға және полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары подполковник Марат Самаровқа кәсібилігі мен қызметтік міндеттеріне адал көзқарасы үшін алғыс білдіргім келеді. Сонымен қатар, Павлодар ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Мұратбек Қасымовқа біздің ісімізді бақылауда ұстағаны үшін өте ризамын. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында барлық дәлел жиналып, қаскүнем ұсталды, - дейді азаматша Наталья Юрьевна.

Өзгелердің жаңалығы