«Жас сарбаз» қатысушылары коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты

13 Желтоқсан 2020, 11:41
1682
Бөлісу:
«Жас сарбаз» қатысушылары коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коммуналдық қызметкерлеріне елордалық «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері шай мен бауырсақ таратты. Іс-шара «30 игі іс» акциясы аясында өткізілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Волонтерлар үнемі келіп көмектесіп тұрады. Жігіттер мен қыздарға алғысымызды білдіреміз, бұндай аязды күндері бір шынаяқ шәйдің өзі денеге де жүрекке де жылу сыйлайды, - дейді «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшылары.
Айта кету керек, «30 игі іс» акциясы аясында елордалық еріктілер де жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға, көмір жеткізуге және үйсіз жануарларға арналған баспанаға жан-жақты көмек көрсетеді.
Жыл сайын, қыста, қатты аяз немесе боран болсын, тынымсыз жұмыс істейтіндер бар. Олардың жұмысына ризашылық білдіріп, біз осындай акцияны ұйымдастыруды жөн көрдік. Бүгін 60-қа жуық коммуналдық қызметкер ыстық шай мен бауырсақ алды, - деді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен эстафета басталды.

Азаматтар оған қосылып, мейірімділік акциясы шеңберінде #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Өзгелердің жаңалығы