"Жас Сарбаз" фестивалінің жеңімпаздары анықталды

29 Қараша 2019, 17:35
11259
Бөлісу:
"Жас Сарбаз" фестивалінің жеңімпаздары анықталды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Елордада Республикалық "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық әндер фестивалі өз мәресіне жетті. Онда түрлі өңірден келген 300 жас патриоттар өз өнерлерін ортаға салды. 

Бұл туралы ҚР Қорғаныс миинстрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фестивальге "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының, "Жас Ұлан" әскери мектебі мен "Арыстан" мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері, әскери қызметшілердің балалары, "Жас Сарбаз" сыныбында білім алып жатқан оқушылар қатысты. 

2.jpg

Қатысушылар үш номинация бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, вокал, фольклорлы орындаушылар және вокалды-аспаптық ансамбль.  

"Аспаптық орындау" номинациясында Ақтөбе қаласы Т.Бигельдинов атындағы әскери-патриоттық клубтың "Жас Ұлан" үрмелі оркестрі үздік деп танылса, "Фольклор" номинациясында "Балбырауын" ансамблі, "Вокалдан" Эльзара Кураисова бірінші орынды қанжығасына байлады. Фестивальдің басты сыйлығы, Гран-приға "Арыстан" мамандандырылған лицейінің "Авангард" ансамблі ие болды, - делінген хабарламада.   

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар, "Жас Сарбаз" мүсіншелері мен дипломдар табыс етілді. Марапаттау рәсімі мен гала-концертке Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов пен Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.  

"Жас Сарбаз" әскери-патриоттық әндер фестивалінің мақсаты - жастар арасында патриоттық сезім мен белсенді азаматтық ұстанымға бағыттау, әскери қызметті насихаттау және Қарулы Күштердің имиджін көтеру.  

Фестиваль дәстүрге айналып, еліміздің шығармашылық өмірінде жастар арасында үлкен ықыласқа бөленетіне сенемін, - деді генерал-майор Мұрат Бектанов. 

Шара барысында Лауреттардың қатысуымен гала-концерт өтті.

Өзгелердің жаңалығы