«Жас құтқарушы» слёті өтті

14 Маусым 2023, 16:20
712
Бөлісу:
«Жас құтқарушы» слёті өтті

Ертіс өңірінде дәстүрге айналған «Жас құтқарушы» облыстық слёті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Ұймыдастырушылардың айтуынша, шараны өткізудегі мақсат – оқушылар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, қауіпті жағдайларда адам құтқару дағдыларын үйрету және жеткіншектерді қарапайым қауіпсіздік ережелеріне баулу.

Балалар оқыс оқиға кезінде жедел әрекет етуге үйрену керек. Мәселен, өрт кезінде адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің бастапқы ережелерін білу, қиын жағдайға тап болған адамға көмектесу, құтқару қызметтеріне хабарласу. Біздің міндет – балаларды бұл дағдыларға үйрету. Қауіпсіз өмір сүру – мәдениетке айналу керек. Осы тектес шаралар жасөспірімдерді командада жұмыс істеуге, бірлікте болуға үйретеді. Облыстық шараны өткізбек бұрын, әр аудан іріктеу байқауларын өткізді. Мықтылары ғана ақтық мәреге шықты, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Ақылбек Баяхметов.

Облыстық шараға 100-ден астам жеткіншек келіп, оқыс оқиға кезінде әрекет ету бойынша бар шеберліктерін көрсетті.

Өрт болған кезде тілсіз жаумен күресіп, оны сөндіру міндетті болмауы мүмкін. Ең бастысы, оқыс жағдай болып қалса, жедел құтқару қызметіне хабарлау керек. Бұл әрекет адамның өміріне араша болады. Бірақ, адамға көмек керек жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тиісті шараны қолға алу керек. Ал қолдан келмесе, ересектерді шақыру қажет. Жалпы, жас құтқарушы батыл болу керек. Ештеңеден қорықпай, қобалжымау да маңызды, - дейді жа сқұтқарушы Айбын Кенжебек.

Айта кетейік, өткен жылы облыс мектептері жанынан «Жас құтқарушы» клубтары ашылған. Бүгінде олардың саны 200-ге жуықтады. Ал йүірме жұмысына қатысушылар саны екі мыңға жетті. Еске сала кетсек, өңірде шомылу маусымы төрт күн бұрын ресми түрде ашылды. Осы уақытқа дейін үш адам су айдындарында ажал құшты.

Өзгелердің жаңалығы