«Жас қанат-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды

6 Маусым 2023, 04:27
684
Бөлісу:
«Жас қанат-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: «Жас қанат-2023» байқауы баспасөз қызметі

Алматыдағы «Республика сарайында» «Жас қанат-2023» жас орындаушылар байқауы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда сайыскерлер белгілі композитор, дирижер және өңдеуші Илья Башқатовтың жетекшілігімен тамаша кәсіби Live бэндының сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Бұл – «Жас қанат» байқауының жаңалығы.

Екі жарыс күніндегі дауыс беру қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 8 қатысушы финалға шықты. Айта кету керек, бұл конкурсанттар бірінші жарыс күнінен-ақ өздерін танытқан еді. Финалда қазылар алқасының арасында келіспеушіліктер болған жоқ – барлығы бірауыздан кімге қандай орын беру керектігіне келісті.

Сонымен қатар, қазылар алқасының бірауыздан шешімімен байқауда алғаш рет бекітілген Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев атындағы Гран-при атыраулық Ерназар Жұбанға берілді. «Алтын қанат» (1-орын) ақтөбелік Нарғыз Жанұзақоваға, «Күміс қанат» (2-орын) алматылық Беназир Әлімходжаева, «Қола қанат» (3-орын) алматылық Алмагүл Батталиеваға бұйырды.

Қалған төрт финалист байқаудың дипломанты атанды. Олар – оралдық Аружан Бисембай, петропавлдық Нариман Жолдасбеков, павлодарлық Мәдина Қабдолла және шымкенттік Нұрасыл Сатыбалды.

Өзгелердің жаңалығы