Жас министр Үкімет жұмысына қандай жаңашылдық әкелетінін айтты

11 Қаңтар 2023, 13:51
1326
Бөлісу:
Жас министр Үкімет жұмысына қандай жаңашылдық әкелетінін айтты

Жаңа Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қандай реформалар жасайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздегі ең өзекті мәселенің бірі - су ресурстары. Әсіресе, қазіргі таңда климаттың өзгеруін байқап жатырмыз. Осыған байланысты су ресурстарына деген ауыртпалық көптеп түсуде. Мысалы, 2020 жылы мен Тұйықсу мұздығына көтерілдім. Өздеріңізге мәлім мұздықтар ауызсу көздерінің бірі. Осы Тұйықсу мұздығы соңғы жарты ғасырда шамамен 30 пайызға қысқарған. Әрине, бұл су ресурстарына ықпал етеді, - деді ол Үкімет отырысынан соң.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 70 пайыз қазақстандықтар тұрғылықты жерінің экологиясына алаңдайды.

Экология саласындағы саясатты және біздің министрліктің жұмысын белсенді жүргіземін деп ойлаймын. Өздеріңізде ең жас министр деп атап кеттіңіздер. Қазіргі таңда байқалып жатқан тренд жастар арасында экология мәселелеріне ерекше назар аударады. Осы мәселелерді жиі көтереді. Сол жағынан өте тығыз жұмыс істейтін боламыз. Алпауыт компаниялар туралы да бірнеше экологиялық проблемалар бар. Әрине, оларды қадағалап отыруымыз керек, - деді Зүлфия Сүлейменова. 

Өзгелердің жаңалығы