«Жас кәсіпкер» жобасының бизнес-тренерлеріне арналған оқу басталды

5 Маусым 2019, 11:14
2851
Бөлісу:
«Жас кәсіпкер» жобасының бизнес-тренерлеріне арналған оқу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» білім беру жобасына бизнес-тренерлердің алғашқы легін оқытуды бастады, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі.

«Келіп түскен 200-ден астам өтінім ішінен тәжірибе бөлісу, жастарға бизнес жүргізудің қыр-сырын, сондай-ақ заңгерлік және экономикалық сауаттылықты үйретуге дайын 25 үміткер іріктелді. Тренинг бизнес-тренерлер қорын қалыптастырып, олардың біліктілігін арттыруға көмектеседі», - деп хабарлады «Атамекен» ҰКП-да.

Бір апта бойы бизнес-тренерлерге арнап кәсіпкерлік негіздері, тайм-менеджмент, стресс-менеджмент, жобалық менеджмент, шешендік өнер, маркетинг, құқықтық және қаржылық аспектілеріне қатысты бизнес негіздері, бухгалтерлік есептілік бойынша семинарлар өткізіледі. Демек, бизнес-тренер болашақ тыңдаушыға бизнесті жүргізу машықтарын игеріп, кейін жеке кәсіп құру, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесуі керек.

Жобаның бизнес-тренері болу үшін cvbastau@gmail.com электрондық мекенжайға жеке түйіндемені жіберу жеткілікті.

Естеріңізге салсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» білім беру жобасын іске қоспақ.

Бизнес-тренердің төмендегідей бірқатар міндеті бар:

- жастарды кәсіпкерлік негіздеріне және бизнесті жүргізуге оқыту және кеңес беру;

- қаржыландыруға қол жеткізу, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары бойынша қаржылынадыруды алуға көмектесу;

- қаржыландыру алынған соң жүзеге асқан бизнес-жобаларды сүйемелдеу.

Өзгелердің жаңалығы