Жас босанған аналар арасында байқау жарияланды

12 Тамыз 2019, 21:46
1759
Бөлісу:
Жас босанған аналар арасында байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды.

Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде пост жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады.

"Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар жазған постында мемлекеттік корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгілеп (instagram әлеуметтік желісінде), #анағацифрлықжәрдем хэштегін қоюы тиіс", - делінген хабарламада.

Байқау жеңімпаздары 15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есімдері бір тізімге жазылып, жеңімпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмірдің түсуі арқылы таңдалады.  

Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңімпаз bebek.kz интернет-дүкенінен Sweety брендінің жөргектерін бір ай бойы алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретінде тағы бес жеңімпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтім құралдарына қосымша сертификат алады.

Анықтама: «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметі egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында іске қосылған. Жыл басынан бері алты ай ішінде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсімделген.

Өзгелердің жаңалығы