Жас баланы зорлау әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды

11 Сәуір 2024, 12:33
189
Бөлісу:
Жас баланы зорлау әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды
Фото: Сенат

Сенатор Жанна Асанова әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қылмыстық кодекске бірқатар түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жас баланы өлтіргені үшін, жас балаға қатысты зорлау әрекеттерін жасағаны үшін және жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін Қылмыстық кодекстің қолданыстағы нормаларында көзделген басқа балама жазалау шараларын алып тастау арқылы, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді, - деді ол.

Сондай-ақ заң жобасында 16 жасқа толмаған тұлғаларға сексуалдық сипаттағы тиісу үшін жауапкершілік енгізізу ұсынылды.

Өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, қылмыстық кодекс жаңа қылмыс құрамымен толықтырылады- деді Асанова өз баяндамасында.

Негізгі заң Қазақстан Республикасының 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде 7 кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Ілеспе заң «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске түзетулер енгізуді көздейді. Кәмелетке толмағандарды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) және 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті және басқа да түзетулерді көздейді.

Өзгелердің жаңалығы