Жас актерлер мейірімділік туралы спектакль ұсынды

6 Маусым 2021, 16:43
3022
Бөлісу:
Жас актерлер мейірімділік туралы спектакль ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін балалар мен жастарды дамыту орталығының ашылу салтанатында «Кинокио» кинематографиялық өнер мектебінің жас актерлері көрермендерге мейірімділік туралы спектакль ұсынды.

Белгілі қазақстандық театр режиссері, Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров балалардың шығармашылығына жоғары баға берді.

«Кинокио» кинематографиялық өнер мектебінде актерлік шеберлік пен режиссура негіздерін кино әлеміне танымал тұлға – Марат Сәрсенбаев үйретеді. Секцияға қабылдау ақылы негізде жүргізіледі.

Бүгін көрермендер мен қонақтар үшін жас актерлер өздерінің шеберлігі мен ән айту дағдыларын көрсете отырып, мейірімділік туралы спектакль ұсынды. Дарынды балалардың еңбегін белгілі театр режиссері Асхат Маемиров былай бағалады.

Балалардың әлеуеті мен болашағы зор. Біріншіден, балалар сахнада қалай өтірік айтуды білмейді. Олар өте шынайы болды. Әжесінің рөлін ойнаған қыз да өзін театр өнерінің болашақ жұлдызы ретінде көрсетеді. Біздің танымал шеберлер шығармашылық жолын мектепте, үйірмелерде бастайды. Осы жерден театр әлеміне жол басталады, - деп пікір білдірді Асхат Маемиров қойылым туралы.

Оның айтуынша, олармен кәсіби маман айналысатыны бірден байқалады.

Балалар ән айтып, сахналық сөз дайындайды. Маған неге олармен дос болмасқа деген ой келді. Енді әрі қарай бірге жұмыс істейміз, меморандумға қол қоямыз, - деп айтты Маемиров.

Айта кетейік, бүгін елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды.

Өзгелердің жаңалығы