Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды

6 Маусым 2021, 16:11
3199
Бөлісу:
Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды.

Бүгін елордада Тәуелсіздік сарайы базасында құрылған балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды. Орталықты ашу мақсаты – балалар мен жастар арасында спорт пен шығармашылықты дамыту үшін база құру.

Оның негізгі қызметін Астана әкімдігінің басқарушы еншілес компаниясы «Astana Venue Management» ЖШС қатамасыз етеді. Бұл компания сенімгерлік басқару шартымен әрекет етеді.

Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды

Компания мақсаттарының бірі – дүниежүзілік пандемияға және оның жағымсыз салдарына байланысты табыстылығын жоғалтқан коммуналдық нысандарды тиімді операциялық басқару.

Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды

Балалар мен жастарды дамыту орталығының ашылу салтанатына спорт және өнер қайраткерлері қатысты.

Салтанатты шара барысында «Astana Venue Management» ЖШС басшысы Мәлік Хасенов орталықтың ашылуына қатысты пікірін білдірді.

Бүгін Тәуелсіздік сарайын дамытудың жаңа тұжырымдамасын таныстырамыз. Пандемиядан кейін көптеген кәсіпорындар мен мәдени нысандар тиімсіздікті көрсетті. Сарайдың бұрынғы тұжырымдамасында халықаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу болды. Бірақ шектеулерге байланысты бұл тұжырымдама қазіргі жағдайда тимсіз, сондықтан бюджет қаражатына салынған 38 мың шаршы метрлік үлкен нысанды Astana Venue Management компаниясы қайта іске қосу керек болды. Бүгін коммуналдық меншікті қалай тиімді басқару керегін көрсетеміз. Біз бюджет шығындарын төмендетіп, нысандарды коммерциализациялауды арттырдық және оның әлеуметтік-мәдени маңыздылығын ұмытпаймыз, - деді компания басшысы Мәлік Хасенов.
Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды

Оның сөзінше, Тәуелсіздік сарайында жалға алу бір шаршы метрге 2 мың теңгені құрайды. Балаларға ақша табудың үлкен мақсаты жоқ. Айтуынша, компанияның мақсаты – нысанның жұмыс істеуі үшін бюджет шығындарын азайту.

50% - іріктеу негізінде, яғни тегін, қалған 50% - бәсекеге қабілетті бағалар. Іс жүзінде жалдау басқа ғимараттарға қарағанда 2,5 есе төмен. Бұл шығармашылық пен өнер саласындағы шағын және орта бизнесті қолдаудың бір түрі, - деп айтты Astana Venue Management өкілі.
Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды

Күн сайын мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысатын балалар мен жастарды дамыту орталығында бірнеше секция мен үйірме бар.

Олар:

  • Нұр-Сұлтан қаласының Көркем гимнастика орталығы;
  • Республикалық пара-билер Федерациясының хореграфиялық орталығы;
  • Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы;
  • U-Study – Нұр-Сұлтан қаласының тестілеу орталығы;
  • «Алтын домбыра» - домбыра ойнауды үйрету мектебі;
  • Нұр-Сұлтан қаласының қалалық филармониясының симфониялық оркестрі мен хоры;
  • «Кинокио» кинематографиялық өнер мектебі;
  • Балалар мен ересектерге арналған үстел теннисі секциясы;
  • «Ortus» дзюдо секциясы;
  • Қазақстандық танымал орындаушы Әміренің вокалдық мектебі.
Өзгелердің жаңалығы